ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ БОЙЫНША ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

28.09.2023_03.jpg

 

27 қыркүйекте Шаңғы жарысы бойынша ҚР жазғы чемпионатының салтанатты ашылуы және алғашқы екі жарыс күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Сондай-ақ, іс-шарада Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетін мерекелеу аясында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сергей Тишков пен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Евгений Величкоға мерейтойлық медальдар табыс етілді. Олимпиада ойындарының қатысушылары Евгений Кошевой, Денис Волотка, Валерия Тюленева алғыс хаттармен марапатталды.