ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ҚР ЖАЗҒЫ ЧЕМПИОНАТЫ: ЕРКІН СТИЛЬДЕГІ ЖАРЫСТАР ӨТТІ

29.09.2023_01.jpg

 

29 қыркүйекте Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында ҚР жазғы Чемпионаты аясында еркін жүріспен жеке жарыстар өтті. Қазақстанның 10 өңірінен 100-ден астам шаңғышы жарысқа шықты. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында үштікке Никита Гридин, Олжас Климин және Еламан Қожебек кірді. Әйелдер тобында Ангелина Шурыга, Валерия Тюленева және Ксения Шалыгина құрмет тұғырына көтерілді. Ертең, 30 қыркүйекте, Шаңғы жарысынан ҚР жазғы чемпионатының қорытынды старты өтеді. Спортшылар кросста өнер көрсетеді.