АСТАНАДА КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУ СПОРТЫНАН ҚР КУБОГЫ ӨТТІ

02.10.2023_03.jpg

 

28-29 қыркүйекте Астанада конькимен жүгіру спортынан ҚР Кубогының бірінші кезеңі өтті. Жарысқа Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан, Алматы және Астана қалаларынан 200-ге жуық спортшы қатысты. Конькимен жүгірушілер 500, 1000, 1500, 3000 және 5000 м қашықтықта өнер көрсетті. 4 жарыстың қорытындысы бойынша Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы спортшыларының жалпы қоржынында 7 марапат бар. Оның екеуі екінші орын үшін, бесеуі үшінші орын үшін. Жүлдегерлер қатарында Никита Важенин, Андрей Семенов, Вадим Якубовский, Алина Дауранова, Кристина Шумекова және Инесса Шумекова бар.