АСТАНАДА ШОРТ-ТРЕКТЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

09.10.2023_01.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шорт-трекшілері ҚР Чемпионатында жеке есепте 4 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 2 «алтын», «күміс» және «қола» медальдары бар. Эстафетада біздің спортшылардың есебінде тағы 8 жеңіс. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарында Алина Ажгалиева, Зейнеп Құмарқан, Валерия Игонина, Аяна Амантай, Анастасия Астраханцева, Полина Омельчук, Малика Жолтабар, Наргиз Умарова, Гүлдана Жалмұхан, Дінмұхамедалдияр Тәжібай, Айбек Темірхан, Қасымбек Асылхан, Илья Кафтанатий, Максим Саенко. Шорт-тректен ҚР Чемпионаты 3-5 қазанда елордалық «Алау» мұз сарайында өтті. Республикалық біріншілік аясында 500, 1000, 1500 м қашықтықтағы жарыстар мен эстафеталар өтті. Жарысқа Қазақстанның 10 өңірінен 100-ден астам спортшы қатысты. ҚР чемпионаты Әлем Кубогына қатысуға іріктеу кезеңі болды. Бірінші кезең Канадада 20-22 қазанда басталады.

фото: @olzhabai_arlan