АСТАНАДА ШОРТ-ТРЕКТЕН ІРІКТЕУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

09.10.2023_03.jpg

 

Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына арналған шорт-трек бойынша іріктеу жарысы 7-8 қазанда Астанада өтті. Жарыс аясында спортшылар 500, 1000 және 1500 м қашықтықтан өтті. Осы жылдың наурыз айында өткен Жасөспірімдер Олимпиадасына іріктеу жарыстарының спортшыларының нәтижелері де ескерілді. Нәтижесінде Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына қатысуға жолдамаларды Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары Мейіржан Төлеген (БҚО), Ерасыл Шыңғысхан (БҚО), Полина Омельчук (Қостанай облысы), Анастасия Астраханцева (Қостанай облысы) алды.