АСТАНАДА КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУ СПОРТЫНАН ҚР КУБОГЫ ӨТТІ

16.10.2023_01.jpg

 

11-12 қазанда Астанада Конькимен жүгіру спортынан ҚР Кубогының екінші кезеңі өтті. Жарысқа Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан, Алматы және Астана қалаларынан 200-ге жуық спортшы қатысты. Конькимен жүгірушілер 500, 1000, 1500, 3000 және 5000 м қашықтықта өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары 10 марапатқа ие болды (1 «алтын», 6 «күміс» және 3 «қола»). Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында Никита Важенин, Андрей Семенов, Роман Биназаров, Алдияр Төлегенов, Руслан Жанадилов, Алина Дауранова, Арина Ильященко, Кристина Шумекова, Айзада Рымбек бар.