КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУ СПОРТЫНАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

20.10.2023_01.jpg

 

Астанада конькимен жүгіру спортынан ҚР Чемпионаты басталды. Жарысқа туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының директоры Ардақ Тулендин қатысты. Олар ҚР ұлттық құрамасының спортшыларымен, жаттықтырушылармен, шетелдік жаттықтырушы-кеңесшілермен, сондай-ақ конькимен жүгірушілермен Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының және олардың тәлімгерлерімен кездесті. Чемпионатқа Қазақстанның 8 өңірінен 200-ге жуық спортшы қатысуда. Республикалық біріншілік 2023-2024 ж.ж. қысқы жарыс маусымының халықаралық старттарына қатысуға іріктеу болып табылады, оның ішінде Әлем кубогының кезеңдері мен Жасөспірімдер Олимпиада ойындары.