КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУ СПОРТЫНАН ҚЫСҚЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

20.10.2023_03.jpg

 

Конькимен жүгіру спортынан ҚР Чемпионаты аясында Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысуға спортшылар іріктелді. Олимпиадаға жолдамаларды Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының конькимен жүгірушілері Алина мен Кристина Шумековтар (Петропавл қ.), Михаил Матрюхин (Алматы қ.) және Руслан Жанадилов (Астана қ.) жеңіп алды. Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасы -15-18 жас аралығындағы әлемнің 200-ден астам елінің спортшылары қатысатын беделді жарыстар. IV Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасы 19 қаңтар - 2 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяда өтеді. Бұл Олимпиада Азия аумағында өткізілген алғашқы Олимпиада болмақ.