КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУ СПОРТЫНАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

24.10.2023_01.jpg

 

Конькимен жүгіру спортынан ҚР чемпионаты 18-20 қазанда «Алау» мұз сарайында (Астана қ.) өтті. Республикалық біріншілік аясында 500, 1000, 1500, 3000, 5000 м қашықтықтағы жарыстар, сондай-ақ масс-старт, командалық спринт және командалық жарыстар өтті. Жарысқа Қазақстанның 8 өңірінен 200-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының конькимен жүгірушілері жеке есепте 15 медаль жеңіп алды. Оның ішінде -3 «алтын», 4 «күміс» және 8 «қола». Командалық жарыстарда біздің спортшылардың есебінде тағы 11 тұғыр бар. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарында Алина Дауранова, Инесса Шумекова, Алина Шумекова, Кристина Шумекова, Арина Ильященко, Алена Лифатова, Мария Кузнецова, Айзада Рымбек, Анастасия Беловодова, Никита Важенин, Вадим Якубовский, Роман Биназаров, Нұралы Ақжол, Андрей Семенов, Михаил Глущенко, Алдияр Тюлюгенов, Руслан Жанаділов бар. Естеріңізге сала кетейік, конькимен жүгіру спортынан ҚР Чемпионаты 2023-2024 ж.ж. қысқы жарыс маусымының халықаралық старттарына қатысуға іріктеу кезеңіне айналды, оның ішінде Әлем кубогы мен Жасөспірімдер Олимпиадасының кезеңдері.