РЕСПУБЛИКА КҮНІ - ЕЛІМІЗДЕГІ №1 МЕРЕКЕ!

26.10.2023_01.jpg

 

Республика күніне арналған салтанатты іс-шара Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында өтті. Ұжымды ұлттық мерекемен ҚСТ ОДО директоры Ардақ Тулендин құттықтады. - 25 қазан - еліміздегі № 1 мереке болып саналады, - деп атап өтті Ардақ Болатұлы. -1990 жылы осы күні Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Декларацияға қол қойылып, егемен мемлекет мәртебесі алынды. Баршаңызды осы мерекемен құттықтаймын, амандық пен біздің жұмысымызға үлкен табыс тілеймін! Бізде өте қарқынды маусым болды және жалғасуда. Біз бірнеше ірі халықаралық старттарды өткіздік, жарыстарды ұйымдастырғаны үшін IBU және FIS-тен жоғары баға алдық. Осының арқасында 2026 жылы биатлоннан Әлем Кубогының ересек кезеңдерінің бірін өткізу құқығы берілді. Сондай-ақ, біздің базада қысқы және жазғы спорт түрлерінен көптеген командалар жаттығады, Әлем чемпиондары келіп, біздің орталығымызға өте жоғары баға береді. Сондықтан, осы мүмкіндікті пайдаланып, барлық қызметтерге керемет жұмыс үшін алғыс айтқым келеді! Кездесу соңында ұлттық мерекеге орай Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының бөлім басшылары туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың қолымен Құрмет грамоталарымен марапатталды.