"ҚОЛАНЫ" КАНАДАДАҒЫ ШОРТ-ТРЕК КОМАНДАСЫ ЖЕҢІП АЛДЫ

07.11.2023_02.jpg

 

Канадада Төрт Құрлық Чемпионаты аяқталды. Халықаралық жарыстар 3-5 қарашада Лавал қаласында өтті. Чемпионат аясында 500, 1000, 1500 м қашықтықтағы жарыстар мен эстафеталар өтті. Жарысқа әлемнің 9 елінің спортшылары қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы әйелдер эстафетасында «қола» жеңіп алды. Жүлдегерлер Яна Хан, Ольга Тихонова, Малика Ермек, Мадина Жанбусинова және Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шорт-трекшы Алина Ажгалиева болды. Бас жүлде жарыс қожайыны Канаданың еншісінде кетсе, Оңтүстік Корея күміс медальге ие болды.