ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ШАҢҒЫ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

23.11.2023_02.jpg

 

23 қарашада Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында 2023-2024 жж. қысқы маусымының ашылуына арналған шаңғыдан жарыстар өтті. Жарыстарға Қазақстанның 7 өңірінен, таяу шет елдерден де, барлық жастағы 300-ге жуық спортшылар мен әуесқойлар қатысты. Шаңғышылар еркін жарыста бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және медальдармен марапатталды.