КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУ СПОРТЫНАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ I КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

27.11.2023_05.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының конькимен жүгіруші Инесса Шумекова Италиядағы жасөспірімдер Әлем кубогы кезеңінің екінші жарыс күнінде нео-сеньорлар арасында көшбасшы болды. Спортшы 500 м қашықтықта алтын медаль жеңіп алды, екінші нәтижені франк Ванхутте (Бельгия) көрсетті, үшінші орында Маргарита Артемьева (Қазақстан). Естеріңізге сала кетейік, конькимен жүгіру спортынан жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогы 25 қарашада басталды. Жарысқа әлемнің 20-дан астам елінен 100-ден астам спортшы қатысты. Итальяндық кезеңнің қорытындысы бойынша Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының конькимен жүгірушілері есебінде 4 тұғыр - Инесса Шумекованың «алтын» және «қола» медальдары, командалық жарыста Алена Лифатова мен Арина Ильященко және жасөспірімдер Мария Деген, Алина және Кристина Шумековтың 2 «күміс» медальдары бар. Конькимен жүгіру спортынан жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогының келесі кезеңі 2-3 желтоқсанда Италияның Коллалбо қаласында өтеді.