ИТАЛИЯДА КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУ СПОРТЫНАН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

05.12.2023_01.jpg

 

Италиядағы жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогының II кезеңінде Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының конькимен жүгірушілері 3 медаль жеңіп алды. Инесса Шумекова құрмет тұғырына екі рет көтеріліп, 1000 метр қашықтықта «алтын» және 500 метрде «күміс» жеңіп алды. Арина Ильященко - 1000 м қашықтықта күміс жүлдегер. ҚСТ ОДО-ның басқа конькимен жүгірушілері де жақсы нәтиже көрсетті. Әр түрлі қашықтықта өздерінің жас топтарында топ-5 және топ-10-қа Мария Кузнецова, Кристина Шумекова, Дарья Гаврилова, Алена Лифатова, Андрей Семенов және Вадим Якубовский кірді. Конькимен жүгіру спортынан жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогының II кезеңі 2-3 желтоқсанда Италияда өтті (Коллабо қ.). Жарысқа әлемнің 20-дан астам елінен 150-ден астам спортшы қатысты, олардың ішінде Австрия, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, Корея, Нидерланды, Польша, АҚШ, Чехия, Швейцария, Финляндия, Жапония және т. б. Халықаралық жарыстар аясында спортшылар 500, 1000, 1500, 3000 м қашықтықтан, аралас эстафеталардан және масс-старттан өтті. Конькимен жүгіру спортынан жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогының келесі кезеңі ақпан айының басында Жапонияда өтеді.