ШОРТ-ТРЕКШІЛЕР НИДЕРЛАНДЫДА ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

05.12.2023_05.jpg

 

Шорт-тректен Әлем Кубогының II кезеңінде Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары 2 марапатқа ие болды. Бірінші жарыс күні құрамында Алина Ажгалиева, Анастасия Астраханцева, Зейнеп Құмарқан, Полина Омельчук және Гүлдана Жалмұхан өнер көрсеткен қазақстандық құрама әйелдер эстафетасында қола жүлдегер атанды. Тағы бір «қола» 1000 м қашықтықтағы жеңіске спортшы Дінмұхамедалдияр Тәжібай жетті. Шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогының II кезеңі 2-3 желтоқсанда Нидерландыда өтті (Леварден). Жарысқа Ұлыбритания, Венгрия, Италия, Қазақстан, Канада, Қытай, Корея, Нидерланды, Норвегия, Польша, Словакия, Сингапур, АҚШ, Таиланд, Франция, Чехия және Жапония спортшылары қатысты. Спортшылар 500, 1000, 1500 м қашықтықта және эстафеталарда өнер көрсетті.