ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ KV+ ЗАУЫТЫНА БАРДЫ

07.12.2023_03.jpg

 

Еуропадағы оқу-жаттығу жиындары аясында шаңғы жарысы бойынша ҚР жастар құрамасы Швейцарияның Донгио қаласында орналасқан KV+ компаниясының зауытына барды. Спортшыларға өндірістік цехтар бойынша экскурсияны компанияның негізін қалаушы және иесі Тауф Хамитов жүргізді. KV+ - спорттық киім, аксессуарлар және шаңғы жабдықтарын өндіруге мамандандырылған швейцариялық бренд. Компания әлемнің көптеген танымал спортшылардың, сондай-ақ ірі жарыстардың демеушісі болып табылады. Экскурсия барысында спортшылар компания өнімдерінің жаңа топтамасымен танысты, сондай-ақ оларға қажетті қосымша жабдықтар мен спорттық киімдерді арнайы бағамен сатып алды. Сонымен қатар, Тауф Хамитов Қазақстандық шаңғышыларды шаңғы роллерлерінен Әлем кубогы мен Чемпионатының кезеңдерінде табысты өнер көрсетуімен және жалпы есепте жеңіске жетуімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Қазіргі уақытта ҚР жастар құрамасы желтоқсан айында Швейцария мен Италияда өтетін FIS-старттарда өнер көрсетуге дайындалуда.