ШВЕЙЦАРИЯДА ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ БОЙЫНША FIS-СТАРТТАРЫ ӨТТІ

11.12.2023_03.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғы шабандоздары Швейцариядағы Alpen Cup FIS-стартында өнер көрсетті. Кубок аясында спортшылар спринтте, жеке жарысынан классикалық жүріспен және масс-стартта еркін стильде жарысты. Жасөспірімдер тобындағы халықаралық жарыстарға Австралия, Австрия, Аргентина, Германия, Италия, Испания, Қазақстан, Молдова, Польша, Румыния, Словакия, Словения, Франция, Хорватия, Швейцариядан 155 шаңғышы қатысты. Alpen Cup қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар арасында үздік нәтижені Дастан Калибеков көрсетті. Сол жарыста Султан Базарбеков 14-ші болды. Артем Завялов - 28-ші орында. Классикалық стильдегі жарыста Дастан Қалибеков 13-ші орынды иеленді. Масс-старттағы жасөспірімдер тобында Мария Геращенко мен Сабина Сүлейменова топ-20-ны жапты. Классикалық стильдегі жарыста Елизавета Толмачева 30-шы болды.