ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БИАТЛОНШЫ ИТАЛИЯДАҒЫ IBU CUP КЕЗЕҢІНДЕ КҮМІС ЖЕҢІМПАЗ БОЛДЫ

15.12.2023_01.jpg

 

IBU Junior Cup II кезеңінің бірінші жарыс күні қазақстандық командаға күміс медаль әкелді. Жүлдені спринтте Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының биатлоншысы Вадим Куралес жеңіп алды. Ол бұл қашықтықты бірде-бір рет жібермей аяқтап, Хорватия спортшысы Матия Леговичке ғана есе жіберді. Үшінші орынды Марчин Заволь (Польша) иеленді.
 
13 желтоқсанда Италияда IBU Junior Cup турнирінің II кезеңі басталды. Жарысқа 40-қа жуық елден 300-ге жуық спортшы қатысуда.
 
Биатлоншылар халықаралық жарыстарда медальдар үшін күресін 15 желтоқсанда аралас эстафетада жалғастырады.