МАСС-СТАРТТА ИТАЛИЯДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАҢҒЫШЫЛАР 5 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

21.12.2023_01.jpg

 

Италиядағы FIS-старттардың екінші жарыс күні (COPPA ITALIA) қазақстандық командаға 5 медаль әкелді. Масс-стартта жасөспірімдер арасында Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғышылары Мария Геращенко мен Султан Базарбеков көшбасшы болды. Елизавета Толмачева «күмісті» жеңіп алды, Дастан Калибеков - қола жүлдегер. U-18 тобында (Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының іріктеу кезеңі) Виолетта Митропольская екінші орынды иеленді. Топ-10-ға Артем Завялов пен Сабина Сулейменова да кірді. Естеріңізге сала кетейік, COPPA ITALIA FIS-старттары 16-17 желтоқсанда Саппада қаласында өтті. Жарысқа Аргентина, Болгария, Венгрия, Италия, Қазақстан, Сербия, Словениядан 130-дан астам спортшы қатысты. Халықаралық жарыстарда қазақстандық спортшылар 6 медаль жеңіп алды - 2 алтын, 2 күміс және 2 қола.