АЛМАТЫДА МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУДАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

21.12.2023_03.jpg

 

13-15 желтоқсанда Алматыда мәнерлеп сырғанаудан ҚР Чемпионаты өтті. Республикалық біріншілікке Қазақстанның 8 өңірінен 74 спортшы қатысты. Қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары 4 медаль жеңіп алды. Әйелдер арасында Анна Левковец ҚР чемпионы атанды. Жасөспірімдер тобында Артур Смагулов пен Екатерина Балюба жарыстың жеңімпаздары, София Коваленко - қола жүлдегер.