ҚЫСҚЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНА АРНАЛҒАН ШАҢҒЫ ЖАРЫСТАРЫНАН ІРІКТЕУ ЖАРЫСТАРЫ

28.12.2023_03.jpg

 

25 желтоқсанда Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында 2024 жылғы қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысуға арналған шаңғы жарысы бойынша қорытынды іріктеу старттары өтті. Спортшылар жеке жарысты классикалық қимылмен өткізді. 70-тен астам шаңғышы жарысқа шықты. Классикалық жарыстың қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасында үштікке Аубакир Тотанов, Берик Боранбаев, Данил Першин кірді. Қыздар арасында Милана Мамедова, Виолетта Митропольская және Евгения Вадутова бар. Іріктеу старттарының қорытындысы бойынша қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына Виолетта Митропольская, Милана Мамедова, Әубәкір Тотанов және Берик Боранбаев жолдама алды.