ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОГУЛШІЛАР АВСТРИЯДА FIS-СТАРТТАРДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

18.01.2024_03.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының могулшілері Австрияда FIS-старттарда өнер көрсетті. Жарыс 13-14 қаңтарда Мюльбах-ам-Хокениг қаласында өтті. Жарысқа Германия, Италия, Қазақстан, Нидерланды, Түркия, Чехия, Швейцария спортшылары қатысты. Спортшылар жеке және параллель могулда бақ сынасты. FIS-старт қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 9 марапатқа ие болды. Олардың ішінде 6 алтын және 3 қола медаль бар. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында Юлия Феклистова, Анастасия Ларионова, Семен Русаков, Денис Раструба, Ильнар Ибрагимов бар.