ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ҚР ЖАСТАР ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

18.01.2024_05.jpg

 

14-17 қаңтарда Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында шаңғы жарысы бойынша ҚР Жастар Чемпионатының I туры өтті. Жарыс аясында спринттер, классикалық қозғалыспен жарысу және еркін стильде өтті. Республикалық біріншіліктің стартына Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан, Алматы және Астана қалаларынан 150-ден астам спортшы қатысты. ҚР Жастар Чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында андер тобында Ернар Нурсбеков, Алмас Каримов, Дидар Касенов, Егор Степанов, Ернур Бексултан, Айша Ракишева, Лаура Киныбаева, Мария Люфт, Анастасия Ротова болды. Жасөспірімдер арасында Дастан Калибеков, Султан Базарбеков, Артем Завялов, Амиргали Муратбеков, Анастасия Хвощенок, Мария Геращенко, Сабина Сүлейменова, Виктория Колесникова, Дарья Ким бар. Шаңғы жарысы бойынша республикалық біріншіліктің жарысы ақпан айының басында Словенияда өтетін жасөспірімдер арасындағы Әлем Чемпионатына іріктеу болды.