ҚЫСҚЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ МЕДАЛІ

20.01.2024_01.jpg

 

Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының алғашқы жарыс күні Қазақстанға тарихи алтын медаль әкелді. «Қанатты» шаңғышы Илья Мизерных жеке секіруде чемпион атанды. Ол Ники Хаммлді (Австрия) және Луказ Луказчукты (Польша) жеңді. Қазақстандық секірушінің марапаты жалпы қазақстандық жасөспірімдер олимпиадалық спортының тарихында бірінші болды. Қазақстандық шорт-трекшілер бүгін 1500 м қашықтықта жарысқа түсті. Полина Омельчук А тобының финалына жетті. Тағы бір қазақстандық шорт-трекші Анастасия Астраханцева В тобының финалында 6-шы орынды иеленді. Биатлоншылар жеке жарыстарда бақ сынады. Біздің спортшыларымыздың үздік нәтижесі - Кирилл Зотовтың 23-ші орында. Алема Карабаева 36-шы орынды иеленді. Қазақстандық хоккейшілер Польша командасымен матч өткізді. Олардың нәтижесі - 18-8. Ертең, 21 қаңтарда, тау шаңғысы, биатлон, шорт-трек, шаңғымен секіру және хоккейден жарыстар өтеді. Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының жарыстарын Сіз olympics.com. сайтында бақылай аласыз.