ҚЫСҚЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ТОП-5, ТОП-10 ЖӘНЕ ТОП-20-ҒА КІРДІ

23.01.2024_07.jpg

 

Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасы жалғасуда. 4-ші жарыс күнінің қорытындысы бойынша жалпы командалық медальдық есепте Италия құрамасы көш бастап тұр (олардың есебінде 6 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлде). Қазіргі уақытта, қазақстандықтар турнир кестесінің 12-ші қатарында. Біздің арсеналда бір «алтын» және бір «қола» бар. Бүгін біздің отандастарымыз биатлон, конькимен жүгіру, тау шаңғысы және хоккейде өнер көрсетті. Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының тау шаңғышысы Александра Скороходова гигант-слалом пәнінің үздік 5-5 кірді. Біліктілік қорытындысы бойынша А.Скороходова 9-шы орынды иеленді. Ал негізгі раундта қорытынды Хаттаманың 5-ші қатарына көтеріле алды. Итальяндық Джорджия Колломб жеңіске жетті. Екінші және үшінші орында Шайен Зендер (Швейцария) және Астрид Хедин (Швеция) спортшылары болды. Қазақстандық конькимен жүгірушілер 1500 м қашықтықта топ-10-ға кірді. Кристина Шумекова 7-ші орынды иеленді, Руслан Жанадилов 8-ші нәтижені көрсетті. Әйелдер тобындағы үштікте Ангела Далеман (Нидерланды), Лью Йанги (Қытай), Анна Мазур (Польша). Құрмет тұғырына ерлер тобынан Фин Соннекалб (Германия), Пан Баошио (Қытай) және Кубо Сота (Жапония) жеңіске жетті. Қазақстандық биатлоншы Антон Редькин спринт бойынша ең мықты 20 спортшы қатарына кірді. Оның нәтижесі 17-ші орында. Барлығы әлемнің 36 елінен 96 қатысушы жарысқа шықты. Үш көшбасшы споршылар Энтонин Гай (Франция), Тов Ройсланд (Норвегия) және Флавио Гай (Франция) болды. Хоккейден Қазақстан құрамасы бүгін Испания құрамасын 14:4 есебімен және Ұлыбритания құрамасын 22:13 есебімен жеңді. Бұл топтық кезеңнің соңғы кезеңі болды. Жеті ойынның ішінде отандық хоккейшілер Испания, Польша, Қытай Тайбэй және Ұлыбритания командаларын 4 рет жеңді. Ертең хоккейде қысқы жасөспірімдер олимпиадасы аясында жартылай финал басталады. Сондай-ақ, 24 қаңтарда тау шаңғысы спортында жас жігіттер гигант-слалом пәнінде өнер көрсетеді. Биатлон мен шорт-тректе аралас командалық эстафеталардағы ең мықтылар анықталады.