ҚЫСҚЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ: БАРЛЫҒЫ СЕГІЗІНШІ ЖАРЫС КҮНІ

05.02.2024_03.jpg

 

Оңтүстік Кореяда қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасы аясында жарыстар жалғасуда. 27 қаңтарда қазақстандық спортшылар фристайл-могул мен керлингте өнер көрсетті. Жалпы командалық медальдық есепте 8-ші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан 15-ші орында тұр. Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының могулшілері Юлия Феклистова мен Денис Раструба параллель могулда бақ сынасты. Ерлер арасындағы жарыстың нәтижесі бойынша Йонг Сьенг Ли (Корея) жеңіске жетті. Екінші және үшінші орында Портер Хафф (АҚШ) және Такуто Накамура (Жапония). Денис Раструба 10-шы орынға ие болды. Қыздар арасында Элизабет Лемли (АҚШ) жеңіске жетті. Екінші орында Лотти Додж (Австралия). Үшіншісі Эбби МакЛарнон болды. Юлия Феклистова 9-шы орынды иеленді. Айта кету керек, Юлия Феклистова - Жасөспірімдер Олимпиадасында-2024 өнер көрсететін ең жас спортшылардың бірі. Бұл ретте, 15-жастағы спортшы халықаралық аренада лайықты жарысады. Бүгін фристайл-могулшілер үшін қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының жарысы аяқталды. Ертең спортшылар Қазақстанға оралады. Бүгін Олимпиада аясындағы алғашқы турнирді Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының керлерлері Мерей Тастемір мен Ибрагим Тастемір ойнады. Спортшылар Австрия құрамасымен жарысты. Ойын 4:5 есебімен аяқталды. Австрия командасы жеңді. Ертең керлингтен Қазақстан құрамасы Германиядан келген спортшылармен жарысады.