Оңтүстік Кореяда қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының кезекті жарыс күні аяқталды. 30 қаңтарда қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық шаңғышылар Виолетта Митропольская, Милана Мамедова, Аубакир Тотанов, Берік Боранбаев және керлерлер Мерей Тастемір мен Ибрагим Тастемір өнер көрсетті. Қазіргі уақытта жалпы командалық есепте Қазақстан 18-ші орында тұр. Шаңғышылар классикалық стильде жеке жарыстарда бақ сынады. Виолетта Митропольская 25-ші орынға ие болды. Бұл қазақстандық спортшылардың үздік нәтижесі. Ерлер арасында Берік Боранбаев 35-орынға ие болды. Келесі старты шаңғышылардың 1 ақпанда өтеді. Спортшылар аралас эстафетада өнер көрсетеді. Қазақстандық керлер командасы Италия құрамасымен жарысты. Қазақстандықтар жеңіске жетті (есеп 10:2). Бұл Мерей мен Ибрагимнің Жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы жеңісі. Ертең, 31 қаңтарда, олар Дания командасымен ойнайды. Бұл турнир Олимпиаданың соңғы іріктеу кезеңі болады. Осыдан кейін ең сәтті командалар жартылай финалда өнер көрсетеді.