ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫЛАР ҚЫТАЙДАҒЫ БЕДЕЛДІ ЖАРЫСТАРДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

05.02.2024_19.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының мәнерлеп сырғанаушылары Төрт құрлық Чемпионатына қатысты. Жарыс 29 қаңтар - 4 ақпан аралығында Қытайда (Шанхай қ.) өтті. Жарысқа Австралия, Гонконг, Қазақстан, Канада, Қытай, Корея, Мексика, АҚШ, Филиппин, Жапония спортшылары қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша София Фарафонова 17-ші орынды иеленді. Анна Левковец 23-ші орынға ие болды. Жарыстың жеңімпазы Монэ Тиба (Жапония) болды.