ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУШІЛЕР ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ

05.02.2024_15.jpg

 

Қазақстандық конькимен жүгірушілер Канададағы Әлем Кубогы кезеңінің қола жүлдегерлері атанды. Үшінші орынды әйелдер командалық спринтінде спортшылар иеленді. Жарыстың жүлдегерлері Екатерина Айдова мен Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының конькимен жүгірушілері Алина Дауранова мен Инесса Шумекова болды. Жарыстың көшбасшысы Нидерланды командасы, екінші орында Польшадан келген спортшылар болды.