Юниорлар арасындағы IBU Кубогында Вадим Куралес үздік бестікке енді

05.02.2024_11.jpg

 

Польшаның Якушице қаласында биатлоннан юниорлар арасындағы IBU Кубогының үшінші кезеңі аясында екінші спринт жарысы аяқталды.

Ерлер арасында 10 км спринтте биатлоншымыз Вадим Куралес 103 спортшының арасынан мәреге 5-ші болып жетті. (+25.0; 2)
Алғашқы болып жеңіске австриялық Лукас Хаслингер (29:31.4;1) жетсе, екінші болып тағы бір австрия биатлоншысы Давид Ноймайр (+20.2;1) үшінші болып неміс спортшысы Беньямин Менц келді.(+20.9;2). Қазақстан құрамасы атынан өнер көрсеткен Гребенщиков Егор 7-ші, Червенко Данил 16-шы, Афанасьев Артем 45-ші, Амурлаев Руслан 53-ші болып жарысты аяқтады. Екі күн қатарынан үздіктер қатарынан көрінген юниорлар құрамасын сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз! Алға, Қазақстан!