ҚЫСҚЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАРДЫҢ ӨНЕР КӨРСЕТУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

05.02.2024_21.jpg

 

Оңтүстік Кореяда 19 қаңтар - 1 ақпан аралығында өткен қысқы жасөспірімдер олимпиадасы өз мәресіне жетті. ҚЖОО-2024-те биатлон, тау шаңғысы, керлинг, конькимен жүгіру спорты, шаңғы жарысы, тұғырдан шаңғымен секіру, фристайл-могул, шорт-трек, хоккей спорт түрлері бойынша 9 спорт түрінен Қазақстандық 41 спортшы қатысты, оның ішінде 26 қатысушы  - «Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының» спортшылары. «Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанатында» Қазақстан Республикасының көк байрағын «ҚСТ ОДО» -ның   конькимен жүгіру спортының қатысушысы Кристина Шумекова және шорт-трек қатысушысы Ерасыл Шыңғысхан көтерді.

ҚЖОО-2024 қорытындысы бойынша ҚР құрамасы жалпы командалық есепте 20 –шы орынды иеленді. Қазақстандық спортшылардың қоржыны 1 алтын және 2 қола медальға толды. 11 алтын, 3 күміс және 3 қола иеленген Италия командасы медальдық санақтың көшбасшысы болды.

Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада чемпионы «ҚСТ ОДО» - ның спортшысы шаңғышы Илья Мизерных. Оның жеңісі қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасында жеңіп алған жоғары марапат ретінде алғаш рет қазақстан спортының тарихына үлкен жетістік болып енді. Илья әлемнің 25 елінен 38 қарсыласын жеңіп, 214 ұпай жинады. 1 – ші орынға ие болған қазақстандық спортшымен бірге құрмет тұғырына австриялық Никки Хамл мен поляк Лукас Лукашук көтерілді.

Илья Мизерных – Алматы қаласынан, трамплиннен шаңғымен секіру бойынша ҚР спорт шебері. ҚР Ұлттық құрамында, «Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының» спортшысы. Жеке жаттықтырушысы - Александра Губченко. ҚР жастар құрамасының ҚСТ ОДО тұғырдан шаңғымен секіру бойынша аға жаттықтырушысы Кайрат Биекенов. Илья Мизерных - республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері.

Олимпиаданың қола жүлдегері «ҚСТ ОДО» –ның шорт-трекисті Полина Омельчук. Полина Омельчук 1000 м қашықтықта үшінші орынды иеленді. Жарыстың жеңімпазы-Қытай өкілі Цзиньцзи Ли. Күміс жүлдегер - оның отандасы Джинжу Янгке бұйырды. Бұл стартқа әлемнің 24 елінен келген 35 спортшы қатысқан болатын.

Полина Омельчук - Қостанай облысының тумасы, шорт-тректен ҚР спорт шебері. Сонымен қатар, ҚР жастар құрамасында өнер көрсетеді, «Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының» спортшысы. Жеке жаттықтырушысы - Анатолий Галечин, ҚСТ ОДО шорт-трек бойынша ҚР жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Данабек Хайров. Полина Омельчук - облыстық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері, халықаралық жарыстардың қатысушысы.

Канвон-2024 Олимпиадасының тағы бір «қоласы» Қазақстандық хоккей командасының есебінде (3х3). Спортшылар Польша, Австрия, Латвия, Дания, Қытай Тайбэй, Испания және Ұлыбритания құрамаларымен 7 іріктеу матчын өткізді, нәтижесінде жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалдық және финалдық ойындардың нәтижелері бойынша Латвиядан келген хоккейшілер ҚЖОО-2024 чемпиондары атанды. Екінші орында-Дания командасы. Қазақстандық спортшылар – үшінші жүлдедеге иелік етті. Бұл медаль қазақстандық хоккейшілердің беделді халықаралық старттардағы алғашқы марапаты ретінде қазақстан спортының тарихына енді.

Олимпиадада Қазақстан атынан қатысқан басқа да спортшылар  лайықты өнер көрсетті. Мысалы, қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының тау шаңғышысы Александра Скороходова Гигант-слалом жарысынан топ 5-ке кірді. Қазақстандық тау шаңғышылары жасөспірімдер олимпиадасының тарихында жеңісті нәтижені алғаш рет көрсетті.

ҚСТ ОДО  конькимен жүгірушілері Руслан Жанадилов, Алина Шумекова, Кристина Шумекова 500 және 1500 м қашықтықтағы үздік ондық спортшылар қатарында. Аралас жеке эстафетада биатлоншылар Алема Қарабаева мен Ильяс Хасенов 30 команданың арасынан 10-шы нәтиже көрсетті. Спринттегі үздік 20-да ҚСТ ОДО биатлоншысы Антон Редькин есімі аталды.

Шорт-трекист Анастасия Астраханцева 1500 м қашықтықта финалға шықты. Полина Омельчук А финалында 6-шы орынды иеленді.

ҚСТ ОДО  могулистері  Юлия Феклистова мен Денис Раструба халықаралық аренада өздерін лайықты қарсылас ретінде танытып, параллель могулдағы ең мықты деген ондықтың ішіне кірді.

Қазақстандық шаңғышылар арасында үздік нәтижені Виолетта Митропольская көрсетті. Классикалық қозғалыспен жеке жарыста 78-ден 25-ші орынға көтерілді. Аралас эстафетада 24 команда арасында Қазақстандық шаңғышылар 16-шы орынды иеленді.

Канвон-2024-Орта Азия елінде өткізілген төртінші қысқы жасөспірімдер олимпиадасы. Бұл олимпиада түрі осыған дейін 2012 жылы Австрияда, 2016 жылы Норвегияда, 2020 жылы Швейцарияда өткен болатын. 2024 жылы Кореяда өткен 4-ші қысқы Жасөспірімдер олимпиадалық ойндарында Қазақстандық спортшылар алғаш рет бір «алтын», екі «күміс» және жеті «қола» есебімен жүлделі нәтижеге жетті.