6-10 ақпанда Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының тау шаңғышылары Қырғызстанда FIS-стартқа қатысты. Спортшылар гигант-слалом және слалом пәндерінде бақ сынасты. FIS-старт қорытындысы бойынша Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары 12 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 2 «алтын», 4 «күміс» және 6 «қола» бар. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында Ксения Бережная мен Яна Мелинг бар.