Қазақстандық конькимен жүгірушілер жасөспірімдер арасындағы Әлем Чемпионатында екі марапатқа ие болды. Командалық спринтте Дарья Гаврилова, Алина Шумекова және Кристина Шумекова күміс жүлдегерлер атанды. Командалық пасьютте Алина Шумекова, Кристина Шумекова және Мария Деген үшінші орынға ие болды. Конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем Чемпионаты 9-11 ақпанда Жапонияда өтті. Әлемдік біріншілік аясында 500, 1000, 1500, 3000, 5000 м жарыстар, масс-старт және командалық жарыстар өтті. Чемпионатқа әлемнің 20 елінен 130 спортшы қатысты.