СЛОВЕНИЯДА ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

13.02.2024_01.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғы жарысы бөлімінің спортшылары жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына қатысты. Халықаралық старттар 5-11 ақпан аралығыда Словенияда өткен болатын. Әлемдік біріншілік аясында спринттер, жаппай старттар аралас эстафеталар және классикалық стильдегі жеке жарыстар бойынша бақ сынасты. Медальдар жасөспірімдер мен андерлер арасында ойналды. Спринтте Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары үздік нәтиже көрсетті. Артем Завялов жасөспірімдер арасында 17-ші орынды иеленді. Сондай-ақ, 17-ші болып классикалық жеке жарысты Султан Базарбеков аяқтады. Аралас эстафеталарда Қазақстандық команда 22-ші орыннан 15-орынға көтерілді. Бұқаралық стартта Дастан Калибеков топ-20-ға енді.