СЛОВЕНИЯДА ТҰҒЫРДАН ШАҢҒЫМЕН СЕКІРУДЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

13.02.2024_05.jpg

 

СЛОВЕНИЯДА ТҰҒЫРДАН ШАҢҒЫМЕН СЕКІРУДЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Словенияда өткен Әлем Чемпионатында Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғышысы Данил Васильев топ-10 құрамына кірді. Спортшы Normal Hill HS 102 тұғырда жеке секіру бойынша 8-ші орынды иеленді. Стефан Эмбахер (Австрия) чемпион болып атанды. Екінші орында - Эрик Белшоу (АҚШ), үшінші орында - Адриан Титтель (Германия). Сол стартта Илья Мизерных 14-ші нәтижені көрсетті. Турнирге әлемнің 22 елінен 63 спортшы қатысты.

Тұғырдан секіру бойынша Әлем чемпионаты 7-11 ақпан аралығында Словенияның Планица қаласында өтті. Халықаралық жарыстар аясында ерлер мен әйелдердің жеке және командалық секірулері, сондай-ақ аралас командалық секірулер сияқты жарыстар түрі өтті. Қазақстандық құраманың атынан Данил Васильев, Илья Мизерных, Ильшат Кадыров, Святослав Назаренко, Алена Свириденко, Виктория Рулева, Софья Шишкина, Мария Юдакова қатысты.