ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР МЕДАЛЬДАРЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

22.02.2024_02.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының мәнерлеп сырғанаушылары беделді Abu Dhabi Classic Trophy халықаралық турнирінің жүлдегерлері атанды. София Фарафонова мен Анна Левковец әйелдер арасында күміс және қола медаль жеңіп алды. Зере Сарбалина - жасөспірімдер арасында күміс жүлдегер болып атанды. Abu Dhabi Classic Тrophy мәнерлеп сырғанау турнирі 16-18 ақпанда Біріккен Араб Әмірліктерінде өтті. Жарысқа Армения, Гонконг, Грузия, Қазақстан, Литва, Марокко, Түрікменстан, Өзбекстан, Эстония елдерінін спортшылары қатысты.