Шорт-тректен ҚР әйелдер құрамасы жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогының III кезеңінде күміс жүлдегер атанды. 3000 метрге эстафетада Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары Анастасия Астраханцева, Полина Омельчук, Алина Ажгалиева, Гүлдана Жалмұхан және Зейнеп Құмарқан 2-ші орынды иеленді. Жарыстың көшбасшысы Корея командасы, үшінші орында Нидерландыдан келген спортшылар болды. Шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогының кезеңі 17-18 ақпанда Нидерланды елінде өтті. Кубок аясында спортшылар 500, 1000, 1500 м қашықтықтан және эстафетадан өтті. Жарысқа әлемнің 20-дан астам елінен, 160-қа жуық спортшы қатысты.