ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ҚР ЖАСӨСПІРІМДЕР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

22.02.2024_06.jpg

 

Щучинск қаласында өткен ұлдар мен қыздар арасындағы шаңғы жарысынан ҚР Чемпионатында қатысушылардың рекордтық саны жиналды. Республикалық біріншіліктің стартында Қазақстанның 13 өңірінен 13-18 жас аралығындағы 420-дан астам спортшы өнер көрсетті. Жарыс 17-21 ақпанда Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында өткізілді. Республикалық біріншілік аясында шаңғышылар спринттерде, жеке жарыстарда, масс-старттарда және эстафеталарда бақ сынасты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер үш жас тобында анықталды, олар аға, орта және кіші ұлдар / қыздар. Төрт жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепті Шығыс Қазақстан облысының құрамасы жеңіп алды. Екінші орында ақмолалықтар, үшінші орынды қостанайлықтар жеңді. ҚР жасөспірімдер Чемпионатына қатысушылардың саны өңірлерде шаңғы спортының дамуын көрсетеді. Ал олардың үздік нәтижелерді көрсетуге деген құлшынысы болашақта бұл балалар ұлттық құраманың резервін толықтырады және Қазақстанды халықаралық аренада лайықты түрде таныстырады деген оптимистік үміт оятады.