ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШАҢҒЫ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

26.02.2024_02.jpg

 

 Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында шаңғы спортының әуесқойларына арналған ашық республикалық фестивалі өтті. Іс-шара аясында ашық ауада, шаңғы жарысы бойынша жарыстар, сонымен қатар серуендер, экскурсиялар, шеберханалар, семинарлар және т.б. мәдени бағдарламалар өткізіледі.
 
Фестивальге Қазақстанның барлық өңірлерінен және таяу шет елдерден 120-дан астам кәсіби спортшылар мен шаңғы спортының әуесқойлары қатысты. Бірінші алтылықта шаңғышылар медальдармен және грамоталармен марапатталды. Масс-жарыстың әрбір қатысушысы ұйымдастырушылардан естелік кәдесый алды.
 
Шаңғы спортын сүйетіндерге арналған республикалық фестиваль дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау, Қазақстанда шаңғы спортын насихаттау және халықты бұқаралық спортқа тарту мақсатында ұйымдастырылды. Спорттық іс-шара Ақмола облысының әкімдігімен жасалған меморандум аясында Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының қолдауымен өткізілді.