ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТҰҒЫРЫДАН СЕКІРУШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАРТТАРДА ТОП-10-ҒА КІРДІ

26.02.2024_01.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының «қанатты» шаңғышысы Илья Мизерных MARSHFIELD DICKINSON PINE MOUNTAIN CONTINENTAL CUP шаңғымен секіру бойынша Континенттік Кубокта ең мықты деген 10 орынның ішіне кірді. Турнирдегі 11-ші нәтижені Данил Васильев көрсетті. Халықаралық старттар 24-25 ақпанда АҚШ-та HS133 үлкен трамплинінде өткен болатын. Жарысқа Австрия, Германия, Қазақстан, Норвегия, Польша, Словения, АҚШ, Швейцариядан 37 спортшы қатысты.