ШОРТ-ТРЕКТЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: АЛИНАНЫҢ ТАРИХИ МЕДАЛІ

26.02.2024_04.jpg

 

Күміс медальді Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шорт-трекшісі Алина Ажгалиева жасөспірімдер арасындағы Әлем Чемпионатында жеңіп алды. А тобының финалына спортшы Венгрия өкілі Майя Дора Сомодиді алға жіберіп, өзі 1500 м қашықтыққа шықты. Үшінші орынға Ваню Лю (Қытай) жайғасты. Айта кетейік, бұл әлемдік біріншілікте қазақстандық спортшылардың жеке есептегі алғашқы медалі . Бұған дейін құрмет тұғырына тек Денис Никиша көтерілген болатын. А тобының финалына эстафетада қазақстандық ерлер құрамасы да өтті. Команда құрамында Нурлан Қайырбеков, Динмухамед Тажибай, Айбек Темірхан және Мақсат Уәлиулла бар. Жарыс қорытындысы бойынша жігіттер 4-ші орынды иеленді. Шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының басталуы 20-25 ақпанда Польшаның Гданьск қаласында өтті. Жарыс аясында 500, 1000, 1500 шақырым қашықтыққа жүгіру және эстафета жарыстары ұйымдастырылды. Чемпионатқа әлемнің 37 елінен барлығы 200-ден астам спортшы қатысты.