ДЕНІ САУДЫҢ, РҰХЫ САУ!

26.02.2024_06.jpg

 

«Бурабай» мұз жарысына Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының директоры Ардақ Төлендин қатысты. ҚСТ ОДО орталығының басшысы өз үлгісімен барлық жастағы адамдарды салауатты өмір салтын ұстануға, бұқаралық спортпен айналысуға шақырады. Спортшыларды қыстың суығымен, желмен, мұзбен сынайтын мұндай шаралар жеңімпаздың ерік-жігерін, рухын шыңдай түседі. 24 ақпан күні Әулиекөл көліндегі Жұмбақтас тас аралының айналасындағы Бурабай ұлттық саябағында 7, 14 және 21 шақырымдық қашықтықта әлемде теңдесі жоқ «Бурабай» мұз жарысы өтті. Жарысқа Қазақстан, Үндістан, Италия, Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Франция және Ұлыбританиядан 600-ден астам кәсіпқой және әуесқой спортшылар қатысты. Барлық қатысушылар жүлделі орындарға ие болды. Жартылай марафонның жеңімпаздары мен жүлдегерлері бөлек аталды. «Бурабай мұзы» биыл екінші жыл және өңірдегі жарыстар сериясының үшеуінің бірі. Барлық үш жартылай марафонды аяқтаған қатысушылар бөлек жүлде санатына - Солтүстік патшасы мен ханшайымы атағына ие болады.