ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛҒАШҚЫ ОЛИМПИАДА МЕДАЛІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ

01.03.2024_01.jpg

 

Щучинск қаласында Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы аталып өтті. Осыдан тура 30 жыл бұрын, 1994 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысшысы Владимир Смирнов жоғары сынақ наградасын жеңіп алып, өзінің есімін қазақстандық спорт тарихына мәңгілікке енгізді.
29 ақпанда Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында атақты чемпионмен кездесу өтті. Іс-шараға атақты спортшылар Дәулет Тұрлыханов, Серік Сәпиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Олимпиада комитетінің, ҚР Туризм және спорт министрлігінің және орталық мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. Владимир Михайловичты мерейтойлық күнімен құттықтады, сонымен бірге,екінші дәрежелі «Достық» ордені, ҚР Туризм және спорт министрінің құттықтау хаты және басқа да марапаттар табыс етілді. - Осындай керемет күні бұл марапат үшін ең алдымен ҚР Президентіне Жоғары жетістіктер спортына көңіл бөлгені үшін алғыс айтқым келеді, - деді Владимир Смирнов. - Сондай-ақ, алғысымды Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжановқа бүгінгі ұйымдастырған керемет мерекесі үшін айтамын. Алдағы уақытта біздің облысымыздың, ауданымыздың тағы бір өкілі елімізді барлық халықаралық жарыстарда дәріптеуі үшін мен барынша күш саламын деп үміттенемін. Мерейтой күніне орай республикалық жаппай шаңғы жарысы өтті. Мәреге жеткендердің барлығына Олимпиада чемпионының қолынан медаль алу бұйырды. Сондай-ақ, Владимир Михайлович жарысқа қатысушылармен қолтаңба сессиясын өткізіп, жас спортшыларға халықаралық аренада сәттілік, күш пен биік тұғыр тіледі.