Шаңғышылар ҚР чемпионатында 30 медаль жеңіп алды

05.03.2024_01.jpg

 

26-29 ақпанда Қостанай қаласында спорт мектебінің оқушылары арасында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Спортшылар еркін және классикалық стильде және масс-стартта жарысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары 30 медаль жеңіп алды. Олардың ішінде 7 алтын, 14 күміс және 9 қола бар. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарында Дидар Касенов, Илияс Исабек, Артем Завялов, Дастан Калибеков, Берік Боранбаев, Әубәкір Тотанов, Ернар Нұрсбеков, Султан Базарбеков, Егор Кадыров, Елизавета Толмачева, Виолетта Митропольская, Анастасия Хвощенок, Виктория Колесникова, Лаура Киныбаева, Евгения Вадутова бар.