Эстонияда жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы биатлоннан Әлем Чемпионаты аяқталды. Жарыс 23 ақпан - 2 наурыз аралығында Отепя қаласында өтті. Жарысқа әлемнің 40-қа жуық елінен 400-ден астам спортшы қатысты. Әлемдік біріншілік аясында спринттер, жеке жарыстар, жаппай старт және эстафеталар өтті.
Чемпионатта қазақстандық спортшылар арасында үздік нәтиже Вадим Куралес көрсетіп, жеке жарыста 8-ші орынды иеленді. Түрлі қашықтықтағы топ-30-ға Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының жасөспірімдері Данил Червенко, Арина Крюкова және қазақстандық биатлоншы Милана Генева кірді.