ГЕРМАНИЯДА СПРИНТТІК КӨПСАЙЫСТА КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУ СПОРТЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

11.03.2024_01.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының конькимен жүгірушілері спринттік көпсайыста ересектер арасындағы Әлем Чемпионатында өнер көрсетті. Жарыстар 7-10 наурызда Германияның Инцелль қаласында өтті. Жарысқа Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Дания, Италия, Испания, Қазақстан, Канада, Қытай, Корея, Нидерланды, Норвегия, Польша, АҚШ, Чехия, Швейцария, Эстония, Жапония елдерінің спортшылары қатысты. ҚСТ ОДО спортшылары арасында үздік нәтижені Нұралы Ақжол көрсетті. 500 м қашықтықта ол 13-ші орынға ие болды. Алина Дауранова 1000 м қашықтықта 14-ші болды. Спринттік көпсайыста конькимен жүгіруден Әлем Чемпионаты 1970 жылдан бастап, жыл сайын өткізіліп келеді. Чемпионат екі күнде өтеді. Спортшылар бірінші және екінші күні 500 және 1000 метр қашықтыққа жүгіреді. Жеңімпаздар төрт қашықтықта жиналған ұпай сомасы бойынша анықталады.