ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУ ШАҢҒЫШЫСЫ АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

11.03.2024_05.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының тау шаңғышысы Александра Скороходова Италияда FIS-старттарда алтын медаль жеңіп алды. Екінші және үшінші орындарға итальяндық спортшылар Флавия Дилетта Джордано мен Петра Унтерхолзнер ие болды. Жарыс 7-8 наурыз айында Валле-ди-Казиес тау шаңғы курортында өтті. Спортшылар слалом пәнінде өнер көрсетті. Әйелдер жарыстарына Австралия, Австрия, Аргентина, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Қазақстан, Румыния, Словакия, Чехия және Финляндия елдерінен 50-ден астам тау шаңғышылары қатысты.