ҚЫТАЙДА ТАУ ШАҢҒЫ СПОРТЫНАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

14.03.2024_05.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының тау шаңғышысы Ростислав Хохлов - Азия Жасөспірімдер Чемпионатының қола жүлдегері. Слалом пәнінде спортшы үшінші орынға ие болды. Спортшы Корея өкілі Си-Ван Ё және қытайлық тау шаңғышысы хау Цен Адриан Янгпен құрмет тұғырын бөлісті. Азия Чемпионаты 9-10 наурызда Қытай жерінде өтті. Жарысқа Гонконг, Иран, Қазақстан, Қытай, Корея, Қырғызстан, Ливан, Моңғолия, Непал, Пәкістан, Таиланд, Тайвань, Өзбекстан елдерінің спортшылары қатысты.