ШАҢҒЫМЕН ТҰҒЫРДАН СЕКІРУДЕН FIS КУБОГЫ: ДАНИЛ ВАСИЛЬЕВТІҢ ТАРИХИ СЕКІРІСІ

15.03.2024_01.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының «қанатты» шаңғышысы Данил Васильев FIS Кубогының бірінші жарыс күнінің көшбасшысы болып атанды. Спортшы құрмет тұғырды Мартин Хаманн (Германия) және Ульрих Волгенантпен (Австрия) бөлісті. ҚСТ ОДО-ның тағы бір спортшысы Илья Мизерных FIS Кубогында 15-ші нәтиже көрсетті. Жарысқа әлемнің 13 елінен барлығы 78 спортшы қатысты. Қазақстандық команда үшін Данил Васильевтің жеңісі отандық шаңғымен секіру тарихындағы FIS Кубогының ересектер арасындағы алғашқы старты болды.