19 наурызда Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы базасында шаңғы жарысынан ҚР Чемпионаты спринтпен басталды. Біліктілік стартына Қазақстанның 9 өңірінен 150-ге жуық спортшы шықты.
Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша көшбасшылар үштігін келесі спортшылар құрады:
Ерлер:
1 Святослав Матасов
2 Дидар Касенов
3 Ильяс Исабек
Әйелдер:
1 Анна Мельник
2 Тамара Эбель
3 Дарья Ряжко
Шаңғы жарысынан республикалық біріншілік ертең, 20 наурызда, жалғасады. Спортшылар еркін стильде жарысады. Сіз жарыс барысын стадионнан және COP ZVS TV YouTube арнасында тікелей эфирден бақылай аласыз.